Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетеньдерді басып шығару үшін 132 млн 742 мың теңге жұмсайды. Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.
Сайлау комиссиясының дерегінше, елдегі сайлаушылар саны - 11 млн 947 мың 955 адам. Ал сайлауға 12 млн 67 мың 475 бюллетень қажет. Бір бюллетень құны - 11 теңге.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелген.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Оставить комментарий