Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"

/uploads/thumbnail/20190522001926445_small.jpg

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма жаңа қызметіне кіріскен қазіргі президент Владимир Зеленскийге бірнеше кеңес берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Экс-көшбасшы жаңа президентке аз сөйлеп, көп жұмыс жасауды баса тапсырды. Оның айтуынша, тақта отырған ізашарлары сияқты жаңа президенттің де тілімен орақ орғаны ендігі уақытта халыққа қажет емес.

"Ең бастысы – оның командасының уәде берген дүниелерін жоғары деңгейде орындап шығуы. Бес жыл бұрын да бізге көп уәде берілген еді. Бірақ ол уәделердің орындалғанынан орындалмағаны көп", - деді ол.

Сондай-ақ, Кучма соғыс пен бейбітшіліктің кілті Ресей президенті Владимир Путиннің қолында екенін жеткізді. Украина тарапынан арақатынасты түзеу туралы қандай қарсы ұсыныс болса да, оның көмегі шамалы екен-мыс.

"Өкінішке қарай, Ресей Федерациясының басшылығы бізге қарсы шарт қойғаннан басқа мәмілеге келер түрі жоқ", - деді экс-президент.

Кучма 1994-2005 жылдар аралығында екі мерзім Украинаның президенті болды. Президенттік қызметінің алдында елдің премьер-министрі жұмысын атқарған.

Аударған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи