Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)

/uploads/thumbnail/20190522104014854_small.jpg

Олег Ляшко президентпен өткен жабық жиыннан Facebook-ке тікелей трансляция қосқаны үшін оққағарлардан ескерту алды. Бірақ телефонды сөндіруге келіспеген депутатты есік сыртына шығарып жіберді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф сайтына сілтеме жасап.

Президент әкімшілігінің ғимаратында Ляшко өзімен бірге смартфонын алып кетіп, Facebook-ке тікелей трансляция қосты. Осылай көрермендер жиынға кім келгенін, Зеленский кабинетінің қандай екенін көре алды.

Зеленскийді көре салысымен Ляшко өзін біртүрлі ұстады. Президент депутаттан Раданы таратқаны туралы сұрағанда Ляшко ұзақ уақыт Зеленскийдің қолын жібермей, үндемей тұрған.

Әрі қарай, фракция басшыларын кабинетке шақыра бастады. Оққағарлар жиын жабық болғасын, Ляшкоға телефонды сөндіруге сұраған. Бірақ радикалдар партиясының жетекшісі Зеленскийге ”халықтан коррупцияны жасырмаңыз” деп айқайлай бастады. Оққағарлар шұғыл түрде депутатты сыртқа шығарып, есікті жауып алды. Жиын қуылған Ляшкосыз өте берді.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінде Жоғары Раданы таратып жіберді. Оған қоса Зеленский Қауіпсіздік қызметінің басшысы, Украинаның Бас прокуроры, Қорғаныс министрін жұмыстан босатуды тапсырған.

 Аударған: Ильдар Адильченов

Оставить комментарий

Связанные Статьи