2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында сайлауға түсетін үміткерлер арасында дебат өтеді деп хабарлаған болатын Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алайда бұл дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспауы мүмкін. Ол жағы әзірге белгісіз.
Орталық сайлау комитеті "Nur Otan" партиясының атынан сайлауға түскен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дебатқа қатысуы белгісіз екенін атап өтті. Өйткені 2019 жылдың 29 мамырында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова бұл мәселеге қатысты: "Біз мұндай ауқымды шараның өтетінін білген жоқпыз. Науқан барысында түрлі іс-шаралар өтіп жатады", - деп жауап берді.
Ұсынған: Маржан Сәбет