Елбасының еліне берген ауызашары. Құрметті қонақтар қатарында кімдер бар? (фото)

/uploads/thumbnail/20190525014239964_small.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне ауызашар берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.

ауызашар

ауызашар

Ауызашар салтанатының құрметті қонақтарының қатарында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бар.

 

 

 Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Связанные Статьи