Нұр-Сұлтан қаласының кәмелет жасқа толмаған тұрғындары рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болып, көлік астында қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап
Оқиға орынында 16 жастағы қыз тіл тартпай кеткен, ал жанындағы 2002 жылғы қызды ауруханаға жатқызып, қажетті көмек көрсетілуде.
"Жол апаты бүгін, яғни 26-мамыр күні, сағат 15:04 те Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Манас көшелерінің қиылысында орын алды. Subaru Forester автокөлігіің иесі рұқсат етілмеген жерден жолды қиып өтпек болған екі жолаушыны қағып кетті. Кәмелет жасқа толмаған 16-жасар қыз сол жерде көз жұмды",- деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Болған жағдай ҚК 345-ші бабы "Қылмыстық және жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тіркелді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды.
Аударған: Бек Байтас