Терісіз туылған бала...

/uploads/thumbnail/20190528103309900_small.jpg

Ағылшындық Уоркшир графстволығында түгелдей терісі жоқ ұл бала дүниеге келді. 2018 жылдың 24-қараша күні 19 жастағы Джессика Кибблер жүктіліктін 7-айында өзінің бірінші баласы Кайден Джейк Шаттокты дүниеге әкелді.

Сәбидің салмағы – 1,1 келі. Оның денесінің тек 2%-ы ғана терімен қапталған. Дәрігерлер бірден сәбидің ұзақ өмір сүрмейтіні туралы айтты.

“Медбикелер маған ең бірінші рет Кайденді әкелгенде, ол шикі ет сияқты болды және біз балаларды бағудан түк хабары жоқ 19 жастағы ата-ананы, бірінші рет әлсіз және ауру сәбиді көрдік”, - деді Кибблер.

Оның айтуынша, дәрігерлер баланың азабын жеңілдету үшін бәрін жасады. Бір жарым ай ішінде тері жайлап шыға бастады. Бұл кездерде сәби киімсіз өмір сүрді: денеге кез-келген зат тиіп кетсе, түршігіп және төгіссіз ауру әкелетін.

Дүние есігін ашқаннан бері бала Кайден сепсис, энтероколит, туа біткен герпес, бронхлиолит және т.б. ауруларымен ауырды.

Джессика Кибблер жүктілік кезінде гидронефроз және бүйрек шеменімен ауырды. Босануға дейін үш ай бұрын Кибблер қансыралап, ауруханаға түскен. Жалпы қаралым кезінде дәрігерлер ұрықтан ешқандай ақау таппады. Олар сирек кездесетін аурудың себептерін таба алмады. Сәбидің медициналық тарихы шетелтік мамандарға берілді.

Қазіргі таңда Кайденнің денсаулығы бір қалыпты қалпына келуде. Қазір оның салмағы 4,3 келіге жетті.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Оставить комментарий

Связанные Статьи