Шымкентте Opel Kadett маркалы көлік тізгіндеген жүргізуші 6 баланы қағып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаменттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкілетті орган өкілдерінің хабарлауынша, жол апаты 27-мамыр күні сағат 15:30 шамасында автотұрақтардың бірінде орын алған. Зардап шеккендердің біреуі қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген, жеңіл жарақат алған 5 бала үйлеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта, аталмыш оқиға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігіне сәйкес "Көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалардың жолдың немесе көлік құралдарының жұмыс істеу ережелерін бұзуы" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Аударған: Дәурен Сыбанбай
Оставить комментарий