Қазақстанда айсайын, орташа алғанда, 62 көлік ұрланады. Аталған мақалада, «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының мамандары қандай көліктер жиі ұрланатыны туралы баяндайды.
ҚР қылмыстық кодексінде «Айдап кету» және «Ұрлық»-бөлек түсініледі. «Айдап кету» – «ұрлау мақсаты жоқ, автокөлікті заңсыз иелену», ал «Ұрлық» – «алдын-ала сөз байласу арқылы, тұлғалар тобымен жасалған әрекет; әлденеше рет; зорлық жасауды қолдану жолымен». Сондықтан, «Айдап кету» және «Ұрлық» үшін, жазалары айрықша. «Айдап кету» бойынша – 1 000 АЕК дейін айыппұл салу немесе бас бостандықтан 2 жылға шектеу немесе, бас бостандығынан 2 жылға айыру. «Ұрлық» үшін – 5 000 АЕК дейін айыппұл салу немесе бас бостандықтан 2 жылға шектеу немесе, бас бостандығынан аталған мерзімге айыру. Кейбір жағдайларда, сот жаза ретінде түзеу жұмыстарына жолдауды таңдауы мүмкін.
Қазақстандағы көліктер саны
ҚР статистика Комитетінің мәліметтері бойынша, қазақстандықтарда 3,7 миллион жеңіл көліктер бар. Бұл 10 жыл бұрынғыдан 39% астам. Орташа, әрбір бесінші қазақстандық машина иесі.
Ең көп автокөлік Алматы облысында тіркелген – 490 812. Бұл, жүз тұрғынға шаққанда – 24 авто. Екінші орында Алматы – 470 360, үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы – 298 039, төртінші орында Қарағанды облысы – 283 876. Нұр-Сұлтан тек бесінші орында – 265 022 автокөлік. Көлігі ең аз Қызылорда облысы – 113 524.
Жүз тұрғынға шағылған автокөлік саны бойынша, көшбасшысы – Алматы (25). Ал Қазақстанның ең "жүргінші" аумағы – Шымкент және Түркістан облысы. Мұнда, 100 тұрғынға бар болғаны 10 автокөлік.
Қандай көліктер жиі ұрланады
Айсайын елімізде орташа алғанда, 62 көлік ұрланады және 150 автокөлікті ұрлап, мақсатсыз айдап кетуде. Ұрлық саны бойынша – Алматы ең алдында. Мұнда, орташа алғанда, ай сайын 21 автокөлік ұрланады. Бұл елдегі жалпы ұрлық санының 34%-ын құрайды. Рейтингтің екінші орнында – Қарағанды (8 ұрлық), үшінші орында – Шымкент және Түркістан облысы (5 ұрлық), төртінші орында Қостанай облысы (4,5 ұрлық), бесінші орында – Алматы облысы (4,3 ұрлық). Рейтингтегі ең "қауіпсіз" аумақтар – Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары. Аталған аймақтарда, ай сайын жиынтықта бір көлік ұрланады.
Жеңіл автокөліктер саны және ай сайынғы орташа ұрлық саны
№ |
Аумақ |
Автокөлік саны |
Тұрғындар саны |
100 тұрғынға шағылған автокөлік саны |
Айсайын орташа ұрлық саны (2016 – 2019) |
1 |
Алматы |
470 360 |
1 865 555 |
25,2 |
21,4 |
2 |
Қарағанды облысы |
283 876 |
1 378 015 |
20,6 |
7,9 |
3 |
Шымкент + Түркістан облысы |
320 005 |
3 006 858 |
10,6 |
5,3 |
4 |
Қостанай облысы |
170 059 |
871 799 |
19,5 |
4,5 |
5 |
Алматы облысы |
490 812 |
2 043 653 |
24 |
4,3 |
6 |
Ақтөбе облысы |
148 625 |
871 812 |
17 |
3,2 |
7 |
Қызылорда облысы |
113 524 |
796 773 |
14,2 |
2,4 |
8 |
Нұр-Сұлтан |
265 022 |
1 089 927 |
24,3 |
2,3 |
9 |
ШҚО |
298 039 |
1 377 525 |
21,6 |
2,1 |
10 |
Павлодар облысы |
154 857 |
753 626 |
20,5 |
2,1 |
11 |
Жамбыл облысы |
197 128 |
1 127 445 |
17,5 |
1,7 |
12 |
Ақмола облысы |
177 068 |
738 802 |
24 |
1,3 |
13 |
Маңғыстау облысы |
140 545 |
683 405 |
20,6 |
1,3 |
14 |
БҚО |
115 769 |
653 775 |
17,7 |
1,3 |
15 |
Атырау облысы |
114 736 |
636 534 |
18 |
0,5 |
16 |
Сол-Түстік Қазақстан облысы |
136 262 |
553 074 |
24,6 |
0,4 |
- |
Дипломаттық нөмірлері |
28 240 |
- |
- |
- |
- |
Аумағы көрсетілмеген |
68 396 |
- |
- |
- |
- |
Барлығы |
3 693 323 |
18 448 578 |
20,0 |
62 |
ҚР Статистика комитетінің 01.04.2019 жылғы мәліметі бойынша Freedom Finance Insurance рәсімдеді
ТМД-да (соның ішінде, Қазақстанда) ең жиі айдап кететін көліктер – Toyota, ВАЗ және Mazda. Аталған маркалар айдап кету қауіпіне көбірек ұшырауда. Бұны ҚР ІІМ мәліметтері сондай-ақ, бейтарап сервистер мен зерттеулері растайды. Сонымен қатар, ең жиі айдап кететін көліктер тізіміне кіретіндері: Honda, BMW, Lexus және Hyundai.
Автокөлік ұрыларының құрбаны болудан қалай сақтану керек
Ұрылардан көлікті қорғап қалудың жүз пайыздық әдісі жоқ. Алайда, олардың құрбаны болу ықтималын шектеу амалдары баршылық. «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының мамандары, көліктің есік, терезелері және жүксалғышы жабылғанын тексеруді кеңестейді. Көлікті қараусыз ұзақ мерзімге қалдырғанда, бұл өте маңызды. Одан басқа, салон ішінде құнды заттарды қалдырмаңыз.
Көлікті қорғаудың минималды құралдары туралы ұмытпаңыз – дабыл бергіш және айдап кетуге қарсы арнайы қондырғылар. Оны күзеті бар тұрақта және гаражда ұстаңыз. Кәсіби айдап кетушілерден бұл қорғамайды, бірақ кездейсоқ бұзақылар мен қылмыскерлерден сақтап қалуы мүмкін.
Бұдан басқа, КАСКО ерікті автосақтандыру полисін ресімдеңіз. Полис ұсақ-түйек сызаттардан, айдап кетуден және көліктің ысырап болуынан қорғайды, сонымен қатар, ЖКО, зілзала апаттар, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан туындаған нұқсанды өтейді.
Автор: Рустем Аламанов
Ұсынған: Бек Байтас
Оставить комментарий