Қытай Халық Республикасының азаматтарын тасымалдаған автобус Приморск өлкесі Усурийск қаласы тас жолының жиегінде аударылып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасай отырып.
"Автобуста ҚХР-дың 40-тан астам азаматы болған, алдын ала деректер бойынша екі адам қайтыс болды",- деп хабарлады дереккөз. Оның айтуынша, бірнеше жолаушы жарақат алды.
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтер сондай-ақ зардап шеккендердің нақты санын анықтап жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істейді.
"Нұсқалардың біріне сәйкес, жүргізуші тізгінге ие бола алмады",- делінген агенттіктің сұхбаты.
Жол полициясы оның себептерін белгілеп, жол апатын растады. Алдағы уақытта толық себептері анықталады.
Аударған: Бек Байтас
Оставить комментарий