Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов соғыс және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
1942 жылы әскер қатарына шақыртылғандардың бірі 96 жастағы Қамқа Үмбеталина. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде 9-шы әуе әскерінде 1-ші Қиыр Шығыс майданында ұшқыш болып қызмет еткен. Ұшаққа бомбо тиеп, оны жау жеріне тастауда ерлік көрсеткен батыр әже.
Сонымен қатар, сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес. Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда еңбек еткен жандардың бірі Оржанов Табынды. Болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге облыс басшысы жылы лебізін білдірді.
«Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілігі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс», - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.
Оставить комментарий