29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің "Құрметті төрағасы" атағы берілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter парақшасына сілтеме жасап.
Сегодня в ходе заседания Высшего Евразийского экономического совета в узком составе было принято решение присвоить Нурсултану Назарбаеву звание «Почетного Председателя Высшего Евразийского экономического совета» #elbasy #EAEU2019 #Kaz
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 29 мая 2019 г.
Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып отыр.
Естеріңізде болса, күні кеше Сенат отырысында Сенат спикері Дариға Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беруді ұсынған.
Ұсынған: Мият Кәшібай
♦Оқи отырыңыздар: Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек
Оставить комментарий