Жеке қабылдауға жалпы саны 30 адам жазылып, олардың тек 25-і ғана келді. Аймақ басшысымен тікелей жүздесіп, өз мәселесін айтқан азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік сала, жер, тұрғын үй сұрақтары бойынша келген. Барлық көтерілген мәселелер егжей-тегжейлі зерделеніп, кейбірі кездесу кезінде оң шешімдерін тапты.
Сондай-ақ, жеке кәсіп ашып, орта және шағын бизнес бастасам деген азаматтар да бар. Оларға да облыс әкімі әкімдік тарапынан берілетін несиелер мен жеңілдіктер жайында хабардар етті. Әр тұрғынды жеке-жеке тыңдаған өңір басшысы қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына көтерілген мәселенің нақты шешілуін тапсырды.
Оставить комментарий