«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Мұрат Баймағамбетовтың айтуынша, 2019 жылға облысқа қаралған 1 244 089,0 тенгенің 746 453 400,0 тенгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы несиеленетін болады.
Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша облысқа бөлінген 1 244 089,0 тенгенің 821 837 200,0 тенгесі 210 несие алушыға қор арқылы берілді. Бұдан бөлек басқа да бағдарламалар арқылы 23 адамға қосымша 130 750 000,0 теңге шағын несие берілді. 2018 жылы барлығы 233 кәсіпкерге 952 587 200,0 тенге берілді. Облыс бойынша қосымша 335 жұмыс орыны ашылып отыр.
Жалпы, 2019 жылы шағын несиеге барлығы 944 302000,0 тенге қаралған. Бұл қаражатпен 262 кәсіпкерлік субъектілерін қамтамасыз ету жоспарланған. Несие жылдық 6%, 84 айға дейін беріледі. Несие көлемі, мерзімі қордың несиелеу шарттарына сәйкес жүргізілетін болады.
Бағдарлама әкімшілігі облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы және облыстық әкімдікпен қор арасындағы үш жақты несиелеу шарты жасақталды. Бағдарламаға қатысушылардан өтініштер қабылдауы басталды. Бүгінге 67 150 000 тенге болатын 18 өтініш қабылданды.
Бұдан бөлек, өткен жылдары берілген несиенің қайтарым қаражаты есебінен 31 кәсіпкерге 118 097 000,0 теңге берілді.
Оставить комментарий