Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың орынына теледебатқа қатысады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекет басшысы міндетіне сәйкес шараларға қатысады. Оның бүкіл республикалық, өңірлік, аумақтық үгіт-насихат шараларын қоғамдық штабы мен сенімді адамдары орындауда.
“Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес және басқа да халықаралық дәрежедегі шараларға қатысты. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрығымен оның атынан, сенімгер тұлға ретінде теледебатқа Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев қатысады”, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтқандай, Тоқаев теледебатқа қатыспайды.
Аударған: Ильдар Адильченов
Оқи отырыңыз: