Головкин жекпе-жегін сайлау учаскелерінде көрсетпек. Не ойлағандары бар?

/uploads/thumbnail/20190503144107035_small.png

Головкин-Роллс жекпе-жегі 9-маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде көрсетілмек. Бұл туралы сайлау ұйымдастырушыларымен өткен семинарда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Ерлан Каналимов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Таңғы сағат 7:00 мен 10:00 арасында біздің танымал боксшымыздың жекпе-жегінің өтетінін ескере отырып, біз дауыс беру залынан тыс жерде Головкиннің жұдырықтасу сәтін тікелей эфирде көрсетуді ұйғардық", - дейді әкім орынбасары.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен 9-маусымда қазақстандық боксшы жауырын жерге тимеген канадалықпен рингке шығады. Дәл осы күні елімізде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтпек. 

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Связанные Статьи