Әулиеатада судьялар студенттерге дәріс оқыды

/uploads/thumbnail/20190531164007169_small.jpg

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге баса мән берілгені белгілі. Бұл тұрғыда сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша да нақты міндеттер жүктелді.  Айту керек, еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде өркениеті озық елдердің тәжірибесі қолданысқа енгізліп, соттарға толыққанды жағдай жасалумен қатар, кәсіби сот жүйесін дамыту, олардың қоғам алдында ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз ету қолға алынды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік беріліп, соттың тәуелсіз және әділ болуына жол ашылды.

Жамбыл облыстық сот ғимаратында облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім, облыстық сот судиялары, қалалық және оған теңестірілген судиялардың қатысуымен М.Х.Дулати тындағы Тараз мемлекеттік университеті заң факултетінің 3-4 курс студенттері арасында өткізілген дәрісте жоғарыда аталған, яғни заңның үстемдік құруына негіз болған бес институттық реформаға қатысты сот жүйесіндегі жаңашылдықтар әңгімеге арқау болды. Жалпы, сот қызметкерлерінің студенттермен кездесу өткізіп, оларға дәріс оқудағы басты мақсат – жастарға еліміздің сот жүйесіне енгізілген реформалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын таныстыру, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында атап көрсетілген сот жүйесін одан әрі жаңғыртудың іске асырылуын түсіндіру.

Дәріс барысында Рүстем Мырзакәрімұлы студенттердің назарын сот жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге, татуластыру рәсімінің қолданыс аясын кеңейтуге, сот ісінің мамандандырылуы мен цифрландырылуына аударды. Сот жүйесін жетілдірудің осы бағыттары «Сот төрелігінің жеті тасы» атты басым жобалардың портфелін жүзеге асыру аясында жеке пилоттық жобаларды енгізу арқылы жүзеге асырылып жатқанын сөз етті.

Бұдан кейін сөз алған облыстық соттың судиялары Гүлнар Асылбек пен Динара Нұрлыбаева «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудағы өзекті мәселелермен және бітімгерлік рәсімдерді қолданудың жай-жапсарын әңгімеледі. «Отбасылық сот» пилоттық жобасы отбасы құндылықтарын сақтауды, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешуді, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуін, мейірімділік, ізгілік секілді қасиеттер отбасынан бастау алатынын тілге тиек етті. Студенттер «Түнгі сот» пилоттық жобасының  мақсаты мен міндеттеріне Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Берік Оразымбетовтың дәрісі арқылы қанықты. Облыс бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Гузаль Тұрдыева, ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Мухитдин Райымбеков соттардағы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

Шара соңында студенттерге Тараз қалалық сотының қызметкерлері тарапынан қойылған көрнекті сот процесі көрсетіліп, сот залдарына экскурсия жасалды.  

Бақыт Жалғас

Оставить комментарий

Связанные Статьи