Халық Әубәкіровке қарсы шықты (видео)

/image/2019/06/02/20190601164536529_big.jpg

Бүгін, жаздың алғашқы күні Нұр-Сұлтан Қаласында "Белсенді Бойкот" атауымен құрылтай өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласына жиналған халық, "сайлауға қатыспай бойкот жариялаймыз" - деп наразылығын жаудырып жатыр. Елордаға, елдің басы біріккен құрылтайға Қазақстанның зиялылары, ақындары, жақсы-жайсаңдары тегіс келген. Соның ішінде ғарышкер Тоқтар Әубәкіров мырза да бар.

Ғарышкер ағамыз: "Сайлау деген ол біздің Конституция берген құқығымыз, дауыс беруіміз керек",- деп сөзін бастап келе жатқан кезде, халық "Жоқ. Бойкот!",- деп жаппай айқайға басты.

Қарапайым халықтың сұрағаны біреу ғана:

"Сайлау әділ өтсін, болмаса бойкот",- дейді үкіметке наразы жұрт.

Осы құрылтайда Ринат Заитов та бой көрсетіп, ел алдында өзінің ойын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Ринат Заитов: "Қосановта шаруам жоқ, бірақ..." (видео)

Дайындаған: Бек Байтас

Оставить комментарий

Связанные Статьи