Жаңа президентті ұлықтау рәсімі қашан өтеді?

/image/2019/06/10/9628975.jpg

Жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы қорытындысын дауыс беру өткеннен кейін бір апта ішінде жариялауы тиіс. Яғни, 17-маусымға дейін биылғы сайлаудың нақты нәтижесі белгілі болады. Ал жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі керек.

Бұл дегеніміз президенттің инаугурациясы 17-шілдеге дейін өтеді деген сөз. Ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи