Алматылық студент қыз 4 күннен бері табылмай жатыр

/image/2019/06/12/b983f8db40f39f4ff614aa8625aebf0b.jpg

Алматыда  төрт күннен бері 19 жастағы студент Нура әл Накауаны іздестіріп жатыр  хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигі мәліметінше, қыз 7 маусымда жоғалып кеткен. Ол Орбита-4 ықшамауданындағы үйден 17:00-ден шыққан. 

Жоғалған қыз

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері 19 жастағы Нура Әл Накауаның жоғалғаны туралы арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына түскенін хабарлады. 8 маусымда құқық қорғау органдарыөкілдерінің мәліметінше, ол ел аумағынан шығып кеткен. "Жоғалу дерегі бойынша азаматша Қырғызстанмен шекарадан өткені белгілі болды. Қыз кәмелетке толған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында іздеу жұмыстары тоқтатылды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Анасының айтуынша, қызы БАӘ-ден келген күні жоғалып кеткен. "Нура, егер сен біздің хабарламамызды көріп отырсаң, үйге оралшы, барлығы туралы сөйлесеміз, біз сен үшін уайымдап отырмыз", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы Гүлзада Тоғайбаева.

Оставить комментарий

Связанные Статьи