Тоқаев: Сайлау әділ өтті

/image/2019/06/12/051555030600.jpg

Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде халыққа алғыс айта отырып, сайлаудың әділ өткенін айтып өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Сайлау әділ әрі демократиялық түрде өтті. Халық өз таңдауын жасады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол әрі қарай сөзін жалғап, алға қойған мақсаттары туралы сөз етті.

"Еліміздің әрбір азаматын қорғау – менің мақсатым. Олардың саяси көзқарастарына қарай бөлуге жол бермеймін. Ашық және әділ жұмыс істеймін. Азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды қараймын", - деді ол.

Оставить комментарий

Связанные Статьи