ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда өз сайтында жариялаған болатын.
Алтай Седірұлы Көлгінов (15 қаңтар 1977 жыл, Түркістан қаласы, Қазақстан) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі.
Көлгіновтың қызмет жолымен таныс бола отырыңыз:
2001 - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бас маман.
2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитетінің басқарма прокуроры.
2003 - 2007 жылдары - Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары
2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Талдау және заң актілерін дайындау басқармасының бастығы;
2008 - 2010 жылдары - «Алаш Медиа Групп» ЖШС Бас директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру бөлімінің Мемлекеттік инспекторы
2012 - 2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
2013 - 2016 жылдары Орал қаласының әкімі
26 сәуір 2016 жыл дан бастап - Батыс Қазақстан облысы әкімі.
Оставить комментарий