Үндістандық Бихар штатындағы Музаффарпур округінде 10 күн ішінде 53 бала көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі PTI порталына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, балалар өлім алдында кұрамында токсин болуы мүмкін личи деген жемісті жеген. Қазіргі таңда, жансақтау бөлімінде осыған ұқсас симптомдармен 40 бала жатыр.
Дереккөздердің айтуынша, личиге байланысты мұндай аурудың тарауы 1995 жылдаң бері әр жаз сайын болып тұрады.
Жергілікті қауым ішінде “Чамки Бухар” атқа ие болған ауру 2014 жылы 150 адамның өмірін алып кетті.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий