Димаш Құдайберген өзінің бірінші жеке альбомын шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
- Бір сағат бұрын менің бірінші жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде альбом платиналық болды. Бір сағатта үш дүркін платиналық болды. Бақыттымын! Тыңдармандарыма үлкен рахмет, менің жетістіктерім – сіздердің арқаларыңызда, – деді Димаш.
Платиналық альбом мәртебесі – сатылған даналарына қарай әр елде әрқалай беріледі: АҚШ-та – 1 миллион дана, Ұлыбританияда – 300 мың дана, Польша, Италия, Испания, Канада, Украинада – 100 мың дана. Ресейде 2018 жылы альбомдар 10 мың данасы сатылғанда платиналық болып есептеледі.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий