ҚР Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы премьер-министр Асқар Мәминге баяндады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда осы жылы 117 мың түлек жоғары оқу орынға түсуге мүдделі. Мемлекеттік грант үміткерлері үшін ҰБТ 20-маусым күні басталады.
Үкімет басшысы облыс әкімдеріне ҰБТ-ның ұйымдастыруын өз қолдарына алуын тапсырды.
“ҰБТ өткізуге дайындық 100% қамтамасыз етілуі тиіс». Білім және ғылым министрлігінің міндеті – тест өткізу пунктерінің барлығының жұмысын нақты үйлестіру”, - деді премьер.
ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Оставить комментарий