"Келинка Сабина" фильмінің жалғасы түсіріледі ме?

/image/2019/06/18/523661.jpg

Қазақстандық танымал режиссер Нұртас Адамбай «Келинка Сабина-3» комедиялық киносын түсірмек. Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

нұртас

"Біз ақылдаса келіп, ел арасында танымал болған «Келинка Сабинаның» үшінші бөлімін түсіруге шешім қабылдадық", - деді Нұртас Адамбай жазбасында.

Аталған комедиялық туындының біріншісі 2014 жылы, екінші бөлімі 2016 жылы үлкен экранға шығып, жастар арасында танымал болған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи