Қазақстанда 40 градусқа дейінгі аптап ыстық болады

/image/2019/06/19/zara595641da13a95-1000x500.jpg

Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында 40°С-қа дейінгі аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  "Қазгидромет" мамандарының мәліметіне сүйене отырып.

Бұл 2019 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа-райы болжамы.

"Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр алып келеді. Республикамыздың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы батыс және оңтүстік аймақтарында болжанады, күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36…40°С-қа дейін көтеріледі.", - делінген хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи