Парламенттің қос палатасы тағы бас қоспақ: Құпия отырыстардың сыры неде?

/image/2019/06/24/crop-313_289_1167x1556_ibmvbzv7t.jpg

ҚР Парламентінің қос палатасының екінші рет бірлескен отырыс өтпек. Осындай бұйрыққа Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"28-маусым күні, сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы шақырылды", - делінген төменгі палатаның ресми сайтында.

20-маусым күні шақырылған отырыста Конституциялық заңдардың жағдайы мен 2018 жылы бөлінген республикалық бюджетті толық игеру мәселесі сөз болған.

Ал алдағы уақытта өтетін қос палатаның бірлескен отырысында талқыланатын негізгі сұрақтарды Конституциялық кеңестің басшысы Қайрат Мәми айтып берді. Оның айтуынша, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін, адам құқықтарын қорғау мәселесі сөз болмақ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи