Арыстағы әскери қоймада не сақталды?

/image/2019/06/24/crop-160_0_336x448_c76deba3c9e43827.jpg

Қорғаныс министрлігінің арнайы өкілі Бахтияр Жантелеев Арыстағы жарылған әскери қоймада не сақталғаны туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл – арнайы әскери бөлім. Қоймада түрлі зымырандар мен әртүрлі калибрдегі атқыш құралдар сақталған", - деді Жантелеев. 

Оның айтуынша, қоймада артиллериялық жарғыш қарулар, минометтер, жедел іске қосылатын зымырандар болған.

Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандықтарға үндеу жариялап, апат болған жерде ешқандай радиоактивті қарулардың жоқ екенін, радиациялық қауіп жоқ екенін жеткізген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи