Әйелдер ойлап тапқан 10 жаңалық

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Халық арасында әйел шаңырақтың ұйытқысы мен берекесі деген ұғым қалыптасып кеткен. Деседе адамзат пайдаланып жүрген игіліктердің ішінде бұрымдылар ойлап тапқан дүниелер де бар. Солардың онын ғана мысал ретінде айтып өтейік.

  1. Қағаздан жасалған дорба (пакет).
1

1868 жылы американдық Маргарет Найт қағаздан жасалған дорбаларды шығаратын машинаны ойлап тапқан болатын. Ең басында қағаз дорбалар конвертке ұқсас болатын.

  1. Алқызыл шампан шарабы.
2 2-2

1808 жылы Николь Барбье Клико «ремюаж» технологиясын ойлап тапқан еді. Сол технология арқылы алқызыл шампан шарабы да пайда болды.

  1. Циркулярлы ара.
3

  1810 жылы Табита Бэббитт циркулярлы араны ойлап тапты. Осы араны ойлап жасаудың алдында ол ер адамдардың екіқолды арамен ағаш кесетіндерін бақылап жүрді, ол ара тек қана алдыға жылжыған кезде ағашты кесетін, ал артқа жылжып ешқандай нәтиже бермейтін. Сол кезде Бэббитт ағаш кескен кезде уақыт босқа жұмсалмасын деп циркулярлы ара ойлап тапты.

  1. Ыдыс жуатын машина.
4

1886 жылы Джозефина Кокрейн ыдыс жуатын машина ойлап тапқан. Бірақ бұл құрылғы 40 жылдан кейін ғана үй шаруашылығына керек болып табылды.

  1. Қар тазалайтын машина.
5

Тек үй іші ғана емес көшелер де таза болсын деп 1892 жылы жәй ғана хатшы болып қызмет атқарған Синтия Вестовер қар тазалайтын машина құрастырған болатын.

  1. Әйнектазалағыш.
6

Боранды күні әр минут сайын көлігін тоқтатып алдынғы әйнектен қар тазалап жүрген жүргізушіні аяғандықтан Мэри Андерсон 1903 жылы автокөлікке арналған әйнектазалағыштарын ойлап тапқан.

  1. Автомобиль тұншықтырғышы.
7

1917 жылы бұл акустикалық фильтрды Эль Долорес Джонс құрастырған болатын. Осы өнертабысы пайда болғаннан кейін айналамыздағы өміріміз кішкене болса да тынышталды десе де болғандай. Ойлап қараңызшы қаламыздағы ағылған көліктердің даусы құлақты тұндырар шу шығарар еді.

  1. Жаялықтар.
8

Жаялық аустырғаннан әбден жалыққан үй шаруасындағы ана Мария Донован 1971 жылы қолына себезгі (душ) пердесін алып тігін машинкасына отырып жаялық тігуге кіріскен еді, бірнеше әрекеттен кейін су өткізбейтін жаялық қаптарын жасап шықты.

  1. Шоколадты прәндік.
9

1930 жылы Рут Уэйкфилд классикалық прәндік дайындап жүріп, ішіне шоколад плиткасын қосуға ой келді. Нәтижесінде өте дәмді прәндік болып шықты.

  1. Бронды кеудеше.
10

1965 жылы Стефани Кволек темірден бес есе мықты кевлар деген синтетикалық материалын ойлап тапқан еді. Мыңдаған тәртіп сақшылардың, өрт сөндірушілердің және әскери адамдардың өмірін сақтап қалған кевлар материалы бронды кеудешенің негізі болып табылады. Әйелдер ойлап тапқан дүниелер бұнымен ғана шетелмейді.

Айсұлу Тұрсынбаева «Қамшы » сілтейді

Связанные Статьи