Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры М. Төлеген Арыстық түлектерге тегін білім алуға 10 грант бөлді. Бұл туралы жоғарғы оқу орнының ресми сайтында жазылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, 24-маусым күні Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшелердің бірінде жарылыс болған еді.
Аталмыш жоғарғы оқу орнының ұжымы кәсіподақ жиынында ерікті көмек көрсету және бір күндік жалақыларын Арыс халқына көмектесу қорына аудару туралы бастаманы қолдады.
Оставить комментарий