Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

/image/2019/06/29/crop-14_-1_581x774_2019062817365753337_1.jpg

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. "Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы қызметті атқарған Мәулен Әшімбаевқа жасаған жұмысына ризашылығын білдіріп, саяси ұйымның алдында үлкен міндеттердің тұрғанына партиялықтардың назарын аударды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи