Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында жұдырықтасты. 21 жастағы қазақстандық нокаутшы шаршы алаңда мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3-1, 11 КО) кездесіп, 90 минутта техникалық нокаутпен жеңді. Оған дейін қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген еді.
Бұл оның кәсіпқой бокстың шаршы алаңында қол жеткізген тоғызыншы жеңісі. е қол жеткізді. Бұған дейін сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Кота мансабында төртінші рет жеңілді.
Еске салайық, Садриддин Ахмедов әуесқой бокста жастар арасындағы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Кәсіпқой бокста екі титул - бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» белбеуін және осы дивизионда WBC Asia белбеуін иеленді.
Оставить комментарий