Шекарада жер сілкінісі орын алды

/image/2019/07/01/crop-35_141_653x1162_ea472c40-90cb-4d07-9b64-4f875370af9f_w1200_s.jpg

Қырғыстан мен Тәжікстан шекарасында жерсілкінісі орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасай отырып.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 618 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісі 1 шілде күні Алматы уақытымен  07 сағат 14 минут 27 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.1. MPV магнитудасы - 5.2",- делінген хабарламада.  

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи