Ұрыны ұрымтал жерден теуіп өлтірген сиырдың хикаясы

/image/2019/07/01/crop-124_56_224x299_photo_2019-07-01_16-27-42.jpg

Индияның Карнатка штатында сиыр өзін ұрлаған ұрыны өлтірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Star басылымына сілтеме жасап.

50 жастағы Говиндаппа есімді үнді азаматы жергілікті фермердің сиырын ұрлаған. Олжасының бас жібін ұстаған күйі жылыстап үйден ұзай бергенде ол күтпеген жағдай орын алыпты.

2 шақырым жүргеннен соң сиырды жүк көлігіне тиемек болған. Сол сәтте сиыр оның жанды жерінен, яғни, екі аяғының ортасынан оңдырмай тепкен. Қатты тиген соққыдан сиырды қолды еткен үнді азаматы сол мезетте қайтыс болады.

Келесі күні жергілікті тұрғындар Говиндаппаның денесін ауыл шетінен тапқан. АЛ сиыр болса жайбарақат күйі үйіне қайта оралған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи