Арыс қаласының 150 мектеп оқушылары жазғы демалысының бір айын жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан лагерлерде өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Арыстық балаларды шілденің 10 жұлдызынан бастап қабылдаймыз. Балалар Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында орналасқан «Тау Жанашар» және «Күншуақ» лагерлерінде тынығып, қуаттанатын болады. Бұл іске бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Балдырғандардың демалысын қамтамасыз ету барысында арнайы бағдарлама құрастырылып, балаларды моралді-психологиялық қалпына келтіру мәселесі де қамтылады. Сонымен бірге, жетісу жерінің таңғажайып жерлері де олардың бойына қуат дарытып, демалысы ұмытылмастай әсер қалдыратынына кәміл сенімдіміз» - дейді облыс әкімі.
Оставить комментарий