Кейінгі жылдары ауылдағы ағайынның қаланы бетке алып үдере көшуі жиілеп кеткен еді. Тіпті тұрғындары аз елді мекендер тоқырап, төмпешікке айнала бастағынын да көзіміз көрді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осындай алағай да бұлағай шақта ауылдың тамырына қан жүгіртіп, рухын жаңғыртатын тамаша жоба қолға алынды. Ол – «Ауыл – ел бесігі» жобасы.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспетті болған осы жобаның аясында Шығыс Қазақстан облысында 120-дан астам елді мекеннің жолы жөнделіп, суы тартылып, клуб пен спорттық ғимараттар салынып, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасы жаңғыртылады.
Алты жылға жоспарланған арнайы жобаға қазынадан жалпы сомасы 90 млрд теңге қаржы бөлу көзделген. Оның 30 млрд теңгесі ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға бағытталады. Нақты атап айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы Глубокое кентінен, Күршім, Көкпекті, Үржар ауылдарынан басталады. Бұл елді мекендерде биыл 2 млрд. теңгеден астам қаржыға нақты жұмыстар жүргізіледі.
Алдын ала жасалған тізім бойынша 2020-2021 жылдары аталған жоба аясында алты ауылда 10 жоба іске асырылады. Нәтижесінде мәдениет, спорт нысандары салынып, көшелер жөнделеді.
Оставить комментарий