60 миллиард инвестиция, 856 шақырым жол, екі әуежай… ШҚО әкімі есеп берді

/uploads/thumbnail/20260217193013485_big.webp автор

Бір жыл бұрын Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Атаулы күнге орай, ШҚО әкімдігінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары жарияланды.

Жалпы өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша оң динамика тіркелген. Инвестициялар көлемі 5,2%-ға, құрылыс жұмыстары 9,3%-ға, сауда 8,5%-ға, ауыл шаруашылығы 2%-ға артқан. 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 29 000 жұмыс орны құрылса, оның 22 мыңы – тұрақты жұмыс орындары.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы құны 60,4 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда: 856 шақырым жол жөнделіп, Зайсан мен Катонқарағайда әуежайлар салынуда. Ауылдық жерлерде 36 медициналық нысан ашылды.

ШҚО спорт саласындағы көрсеткіштерін де нығайтуда – бір жыл ішінде 3,6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, спортшылар алты мыңға жуық медаль иеленді.

Баспасөз қызметінің ресми ақпаратында көрсетілгендей, әкім инвесторлармен жалпы сомасы шамамен 800 млрд теңге болатын 67 келісімге қол қойған.

Әкімдікте бұл Сақтағановтың бір жылдық қызметінде жүзеге асырылған бастамалардың бір бөлігі ғанан екенін атап өтті.

Связанные теги :

Связанные Статьи