Даниал Ахметов ШҚО-да өрт болған аумақтарға барды

/image/2022/09/07/crop-15_7_558x991_whatsapp-image-2022-09-07-at-15.44.21.jpeg

Бірнеше тәулік бойы құтқарушылар Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында тілсіз жаумен күрес жүргізіп, қазір өртті ауыздықтауға мүмкіндік туды.

Өңір басшысының айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ, халықты эвакуациялау жоспарланбаған. Ауданы 700 га болатын өртті сөндіруге жергілікті ТЖ бөлімшелерінің, ЖАО және орманшылықтардың барлық күштері жұмылдырылды. Бұл шамамен 200 адам және 24 техника. Жету қиын таулы жерлерде құтқарушыларға ауадан су жіберуді жүзеге асыратын МИ-8 тікұшақтары көмекке келді. Қазір өңір басшысы Сенное ауылына ұшып кетті. Бұл өртке ең жақын елді мекен, онда тәулік бойы жедел штаб құрылып, құтқарушылардың іс-қимылдары үйлестірілді.

fvf

Айта кетейік, құрғақ шөптің жануы Шығыс Қазақстанның басқа аудандарында да тіркелген. Мәселен, қазір Өскемен қаласының маңындағы Каменный карьер кентінде өртті ауыздықтау үшін 400-ден астам адам және 41 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Өрт аумағы шамамен 35 гектарды құрап отыр. Өрт сөндірушілерден басқа, ұлттық гвардияның 200 жауынгері, сондай-ақ аймақтың ірі кәсіпорындарының өрт сөндіру бөлімдері белсене қатысуда. Полиция қызметкерлері патрульдеуді жүзеге асыруда.

vfv

Жаппай өрт Күршім ауданында, Марқакөл көлінің маңында да тіркелді. Мұнда тілсіз жауды тоқтатып, оның елді мекендерге таралуына жол берілмеді. Халық пен мүлікке қауіп жоқ, жағдай тұрақты бақылауда.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар