Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Шұғыла" ықшамауданындағы газ жұмыстары жайлы өз Твиттер парақшасында жазды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әкім өз парақшасында:
"Шұғыла" мөлтек ауданында газбен қамту өзекті мәселе. 1 тамызға дейін газ келеді. Ол – менің ерекше бақылауымда.",- деді.
Сонымен қатар, Бақытжан мырза Наурызбай ауданына қалай барғанын жазған.
"Наурызбай ауданы. Тұрғындармен кездестім, толғандыратын мәселелерді талқыладық, олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау. Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкімі @SanzharTogay тиісті тапсырмалар берілді. Олар – менің жеке бақылауымда",- делінген жазбада.
"Шұғыла" мөлтек ауданында газбен қамту өзекті мәселе. 1 тамызға дейін газ келеді. Ол – менің ерекше бақылауымда.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) 3 июля 2019 г.
Оставить комментарий