"Теңіздегі" жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер саны нешеу?

/image/2019/07/03/crop-4_0_522x859_eyjcooum.jpg

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі жағдайға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме бере отырып.

 – Дене жарақатын салу мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.

Оның сөзінше, әрбір қылмыс құрамы бойынша нақты қатысушылар бар.

 – Бір күдікті ұсталды, тағы бірнеше адам күдіктілер тізімінде бар. Әрқайсысының жауапкершілігі қатысуына байланысты анықталады, – деп нақтылады министр.

 

– Қанша адам жауапқа тартылады?

Нақты қанша адам екенін әзірге айта алмаймын. Тергеу аяқталған соң айтамын.

– Теңізде полицейлердің араласуымен шетелдіктерді әкетіп жатқан видео жүр. Ол рас па?

Ешкімді әлі әкеткен жоқ, олар жұмыс істеп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи