Министр Бас прокурормен қол күрестіріп, иығын сындырды

/image/2019/07/04/crop-10_0_300x427_02_07_2015-11_20_09.jpg

Австралияда министр Виктор Доминелло кабинетінде Бас прокурор Марк Спикмэнмен қол күресіп, иығын сындырып алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі шенеунік түскі ас мезгіліндегі үзіліс кезінде Доминеллоның кабинетінде қол күресе кетіпті. «Ажал келсе, аталаға тіс сынады» демекші, Доминелло иық сүйегін сындырып тынған.

"Менің бір ғана пікірім бар. Бастысы Виктор екеуміздің арамызда ешқандай сынық жоқ", - деді Спикмэн. Ол, сондай-ақ, оқиғаның 2018 жылдың қыркүйек айында болғанын айтады.

Ал Доминеллоның өзі иық сүйегін жарақаттап алып, мемлекеттік ауруханада ем алғанын мәлімдеген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи