72 жастағы қария университетке түспек

/image/2019/07/04/crop-22_68_545x900_d23d361a-190a-4988-91cc-345fe2b4c145-3.jpg

Өзбекстанның 72 жастағы тұрғыны Ферғана мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның мемлекеттік сынақ орталығының басқарма басшысы Барно Раджабовтың айтуынша, жаңа ережеде абитуриенттердің жасына шектеу қойылмағандықтан, егде жастағы әйел адамның құжаттары қабылданды.

Ол Өзбекстанда жоғары оқуға түсу үшін денсаулығы туралы анықтама да қажет емес екендігін алға тартты.

Раджабов қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына 70 мыңнан астам құжат тапсырылғанын жеткізді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи