200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жиналды

/image/2019/07/05/crop-160_1_720x961_arys.jpg

Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен тұрғындары Арыс қаласына көмек ретінде 166 миллион теңгеден астам қаражат жинады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Бұған қоса 211 тоннадан астам гуманитарлық көмек Оңтүстіктегі апаттан зардап шеккен ағайындарға жөнелтуге дайын. Оның басым бөлігі азық-түлік, сонымен қоса гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары мен киім-кешек. 

– Гуманитарлық көмек жинау «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бақылауында болды. Өңірдегі әр кәсіпорын көмек көрсетуге тырысты. Қол ұшын созуға еңбек ұжымдары, Достық үйлері мен этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары, Азаматтық Альянс бәрі де бір кісідей атсалысты, – деді Даниал Ахметов. 

Сондай-ақ ірі сауда орталықтарында «Қайырымдылық сөрелері» ұйымдастырылып, тұрғындар шама-шарқынша азық-түлік пен гигиеналық заттарды жинаса, Күршім ауданында өткен республикалық «Жайдарман» жастар фестивалінен түскен қаржы да арнайы шотқа салынып, Арысқа жіберілді.  

Ізгі істен аудандар да қалыс қалмады. Зайсан ауданы 40 тоннаға жуық ұн жіберсе, глубокоелік кәсіпкерлер бір тоннадай күнбағыс майын жинап берді. 

Айта кетейік, Арыстағы апатқа байланысты облысымыздың аудан орталықтары мен қалаларында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында 20-ға жуық көмек қабылдау пункті ашылған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи