Ертең 27-сәуір күні «Сарыарқа» кинотеатрының ауласында болатын жиынға қала тұрғындарын шақырған үнпарақтар қаптап кетті. Осы оқиғаға қатысты мән-жайды білмек үшін шараны ұйымдастыру тобының бір мүшесі – Марат УАТҚАН мырзаға телефон арқылы хабарласқан едік:
-Аға, науқандарыңыз қабыл болсын! Қандай мәселелерді көтеріп жатырсыздар?
-Біз негізінен қордаланған әлеуметтік мәселелер бойынша жиын өткізбекшіміз.
- Мәселен?
-Мәселен, әуелі ЖКХ тарифтерінің өсуіне тосқауыл қоюды талап етеміз. Әйелдердің зейнетке шығу жасын бұрынғы шегінде қалдыру, аналар мен балаларға лайықты жәрдем ақы тағайындау, Әр отбасыға тегін берілуге тиісті 10 сотық жер телімі деген сияқты жиыны 45 түрлі мәселе бар.
-Әкімдіктен рұхсат алдыңыздар ма?
-Алдық.
-Тосқауыл болған жоқ па?
-Басында сылтаулар айтылды. Ақыры келісті. Біз жиынға қала тұрғындарын ғана емес билік өкілдерін де шақырып отырмыз. Байқауымызша, олар да жыбырлай бастаған сыңайлы.
- Қалай?
-Кеше Елбасы Алматыға келіпті деп естідік. Өзімен бірге бірнеше министрді де ерте келген көрінеді. Арасынды Әлеуметтік қорғау министрі – Серік Әбденов те бар. Сол Әбденов мырза бүгін сағат 14-те «Демократтар үйінде» қоғам белсендісі – Ирина Савостина ханыммен кездесетіні туралы жаңа ғана хабар алдым. Соған қарағанда, азаматтық ұйымдар көтерген мәселе биліктің өзін де селт еткізген көрінеді. Билік бізден емес шындығына келгенде халықтың қаһарынан қорқып отыр. Егер халқымыз өзінің заңды құқықтарын сауатты түрде тізе қосып, талап ете білетін болса, министр емес Президенттің өзі де халықпен мәмілеге келуге мәжбүр болады. Халық – алапат күш екенін енді ғана түсіне бастаған сыңайлы.
-Қалай ойлайсыз, билік Сіздермен мәмілеге келе ме?
-Билікті мәмілеге түрлі азаматтық ұйымдар арқылы халықтың өзі келтіреді.
Әңгімелескен Нұрғали Нұртай
Оставить комментарий