Павлодар облысында үш ауыл, бір аудан атауы қазақшаланады

/image/2019/07/07/crop-91_16_469x625_20190513201903.jpg

Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертілсе, Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.

Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып қазақшаланады.

Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи