Жол апатынан полиция қызметкерлері қаза тапты

/image/2019/07/14/crop-1_1_338x598_2122f72a-131c-4739-b69c-bcc77cbc98bc_1-1.jpg

Полицейлер тізгіндеген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамаcын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатерингбург тасжолында жол апатына ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13-шілдеде 17:35-те түскен. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды бөлімшеге жеткізу кезінде болған", - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи