Алматыда ақынның қызы жалғыз өзі митингке шықты (видео)

/image/2019/07/15/crop-0_2_958x724_052426213200.jpg

Алматыда ақын және қоғамдық белсенді Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан әкісінің босатылуын талап етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

14-шілде күні Алматыдағы Абай ескерткішіне келген Айдана Айдархан әкесінің бейнесі бар суретпен келіп, оның өлеңдерін оқыды. Осылай, бойжеткен әкесінің түрмеде отырғанына 13 жыл болғанына назар аударғысы келген.

20 минуттан өтер-өтпестен тәртіп сақшылары ұстап әкетті. Оны Медеу аудандық ішкі істер бөліміне апарды. Екі сағаттан кейін бойжеткенді босатты. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Асем Жапишева хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы 14-шілде күні Алматыдағы Шаңырақ ауданының тұрғындары үйлерін заңсыз дегенге келіспей, наразылық шараларын бастаған болатын. Оқиға кезінде бір полицей қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп ақын және қоғамдық белсенді Арон Атабекті айыптады. Оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Арон Атабек өз қылмысын мойындаған жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи