Президент бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты

/image/2019/07/17/crop--2_2_436x625_kogo-otnosyat-k-chinovnikam-v-rf.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский 22 лауазымды тұлғаны, оның ішінде аудан әкімшіліктерінің басшыларын жұмыстан босатуға тапсырма берді. Тиісті жарлықтар президенттің веб-сайтында 16 шілдеде жарияланған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін тоқтатуы Украина экс-президенті Петр Порошенконың өкілеттігінің аяқталуымен байланысты.

Қызметінен босатылғандардың қатарында Оболон, Хмельниц, Харьков және Печерский облыстарының әкімшілік басшылары бар.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұдан бөлек Зеленский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи