Жаңадан ашылған автокөлік жолының қашықтығы - 84 шақырым.
«Бұл жол өзбек тауарларын Қазақстан жолдары мен теңіз порты арқылы Ресей және Кавказ елдеріне төте жолмен жеткізуді қамтамасыз етеді», – дейді Қазақстан үкімет басшысы Асқар Мамин.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында былтыр сауда айналымы 3 млрд долларды құраған. Қазір жыл басынан бері бұл көрсеткіш 25 процентке өскен.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин өңірдегі бірқатар инновациялық өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды, өңірде «жасыл экономиканың» дамуымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен, жаңа мәдени және туристік нысандардың салыну барысымен танысты.
Оставить комментарий